«Додо Пицца» арқылы азаматтардың жеке деректері таралды ма–Санжар Әділов жауап берді
«Додо Пицца» желісіне қатысты дербес деректердің таралу фактісі ішкі істер органдарына арыз түспеген. Бұл жайлы ішкі істер орынбасары Санжар Әділов Құрылтайдағы брифингте айтты, деп жазады Kursiv.Media.
Компанияға кибершабуыл 27-28 қыркүйекте жасалған. Хакерлер клиенттердің аты-жөні, мекен-жайы, пошта, телефон нөмірі мен тапсырыстары жазылған деректерді ұрлаған болуы мүмкін.
Алайда қазақстандықтар бұл бойынша ешбір арыз жолдамапты.
Ал жалпы дербес деректердің таралу фактісі бойынша 3 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр екен.
Оның аясында үш адам қылмыстық іс бойынша қамауға алынған.
Тергеу ІІМ-нің Тергеу департаментінде жүргізіліп жатыр.
Министрдің орынбасары ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейтінін атап өтті.
Dodo Brands – әлемнің 26 елінде 1300-ден астам пиццерия мен кофехананы басқаратын халықаралық компания. Тек Қазақстанда 100-ден астам «Додо Пицца» мен 14 «Дринкит» жұмыс істейді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026