Қырғызстанда Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратынша, қырғыз көрермені бұл күндері «Qaitadan», «Жабайы» көркем фильмдері мен «Алтын Адам» анимациялық фильмін тамашалайды.
«Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов пен Қырғызстан Кинематография департаментінің директоры Талантбек Төлөбеков сөз сөйледі. Олар екі елдің мәдени байланысын нығайтуда ортақ жобалардың маңызы айрықша екенін атап өтті», – делінген ақпаратта.
«Алтын Адам» анимациялық фильмінің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы, сондай-ақ «Жабайы» фильмінің авторы Дамир Әбілханов қырғыз көрерменіне өз туындыларын таныстырды.
Қазақстан киносы күндері қырғыз көрермені отандық кинематографиямен танысып, екі елдің кино саласы өкілдері арасындағы кәсіби байланысты кеңейтуге ықпал етпек.
Айта кететін жайт, «Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026