Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның сыртқы қарызы жарты жылда 5 млрд долларға өскен

kz.kursiv.media

Қазақстанның сыртқы қарызы жарты жылда 5 млрд долларға өскен

Қазақстанның сыртқы қарызы 2026 жылдың 6 айында 4,8 млрд долларға өскен, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, жыл басында сырқы қарыз 181,3 млрд доллар болса, 1 шілдеде 187,9 млрд долларға жеткен.

Бас банк сыртқы борыш төлем балансы операциялары бойынша, баға мен бағам өзгерістері есебінен артқанын жазады.

Сыртқы қарыздың 87,8%-ы – ұзақ мерзімді борышқа тиесілі.

«Қазақстан сыртқы борышының қаржы құралдарының түрлері бойынша құрылымында бейрезиденттерден тартылған несие мен кредиттер (67,9%) және бейрезиденттердің қолындағы борыштық бағалы қағаздар (14,7%) басым болды», – делінген хабарламада.

Бұл қарыздың құрылымында басым бөлігі, яғни 139,9 млрд доллары – жеке меншік сектордың сыртқы борышы.

Ал мемлекеттік сыртқы борыш 18,6 млрд доллар болса, мемлекет бақылауындағы банктер мен кәсіпорындардың сыртқы борышы 29,3 млрд долларды құрайды.

Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда, дәл осы мемлекет бақылауындағы банктер мен компаниялардың сыртқы қарызы 25,2 млрд доллардан 29,3 млрд долларға дейін күрт өскен.

Дегенмен үкімет мемлекеттің сыртқы қарызы бақылауда, тұрақты деңгейде тұр деп есептейді. Талап бойынша елдің сыртқы қарызы ішкі жалпы өнімнің 32 пайызынан аспауы тиіс. Қазір ол 20,8 пайызды құрайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар