Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдос Сметов Азия ойындарының финалында жапониялық Кондодан жеңілді

kz.kursiv.media

Елдос Сметов Азия ойындарының финалында жапониялық Кондодан жеңілді

Елдос Сметов Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы финалда жарыс қожайыны Хаято Кондомен алтын медаль үшін белдесті. Шешуші кездесуде жапониялық спортшы жеңіске жетіп, Сметовке күміс жүлде бұйырды.

Елдос финалға дейін үш қарсыласын жеңген еді. Алдымен Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимді иппонмен ұтты. Ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды да мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға өтті.

Финал жолдамасы үшін Сметов Қытай Тайбэйінің өкілі, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы Ян Юнвэймен кездесті. Қазақстандық дзюдошы бұл белдесуде де жеңіске жетіп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алған болатын.

Осылайша Сметов Азия ойындарындағы жүлделер қорын тағы бір медальмен толықтырды. Ол бұған дейін 2014 жылғы Инчхон Азия ойындарында чемпион атанған.

Бір қызығы, бүгін Қазақстанның екі дзюдошысы жапониялық ағалы-қарындасқа қарсы финал өткізді. 48 келіде Әбиба Әбужақынова Мицуки Кондодан, ал 60 келіде Елдос Сметов оның ағасы Хаято Кондодан жеңіліп, екеуі де Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар