Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Чемпиондық атағын қорғай алмады: Нұржан Батырбеков Азия ойындарында күміс алды

kz.kursiv.media

Чемпиондық атағын қорғай алмады: Нұржан Батырбеков Азия ойындарында күміс алды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырбеков турнир барысында финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде Біріккен Араб Әмірліктерінің өкіліне есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы Азия ойындарын екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Нұржан Батырбеков 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында чемпион атанған. Сол кезде 69 келідегі финалда БАӘ өкілі Мұхаммед Әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.

Осылайша Батырбеков қатарынан екінші Азия ойындарында жүлде алды: Ханчжоуда алтын жеңіп алса, Аичи–Нагояда күміс жүлдеге ие болды.

Бұған дейін, қазақстандық екі дзюдошы Азия ойындарының финалына шыққан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар