Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ұшқыштар төбелесіп қалған". Дубайдан Израильге ұшқан ұшақ шұғыл қонды

kz.kursiv.media

Ұшқыштар төбелесіп қалған. Дубайдан Израильге ұшқан ұшақ шұғыл қонды

Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясына шұғыл қонды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, ұшқыштар өзара пышақтасып, жарақат алған. Оларға жолаушылар мен экипаж мүшелері көмектескен. Бірақ оқиғаның бас-аяғы қалай болғаны белгісіз.

Ұшу кезінде ұшақтан төтенше жағдай туралы арнайы сигнал берілген. Кейін сигнал ұшақты басып алуға байланысты кодқа өзгерген. Осыдан кейін Израиль билігі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жағдайды бақылауға алған, тіпті қауіпсіздік өкілдері шұғыл кеңес өткізді.

Соңғы ақпарат бойынша, жолаушыларға сырттан еш қауіп төнбеген. Қазір бортында 150 адам болған ұшақ Сауд Арабиясының Табук қаласындағы әуежайға қонды. Екі ұшқыш ауруханаға жеткізілген.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі жағдай бақылауда екенін және жолаушыларды елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар