Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

1,6 трлн теңге таза пайда: тамызда қай банктердің табысы артты

kz.kursiv.media

1,6 трлн теңге таза пайда: тамызда қай банктердің табысы артты

2026 жылдың 8 айында қазақстандағы екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) 1,6 трлн теңге таза пайда тапты. Өткен жылмен салыстырғанда банктердің таза пайдасы бірден 13,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұлттық банк дерегі бойынша, елдегі қаржы институттарының тамыз айындағы таза пайдасы 213,4 млрд теңгені құрады. Бұл шілдедегі көрсеткіштен 6 пайызға артық. Таза пайда бойынша Halyk Bank бен Kaspi Bank көш бастап тұр.

Тамыз айында бірқатар банк қаржы көрсеткішін айтарлықтай жақсартып, айлық табысын арттырды.

Ірі банктер арасында бір айлық өсім бойынша ForteBank пайдасын бірден 183 пайызға өсіріп, 13,6 миллиард теңгеге жеткізді. Ал оның жыл басынан бергі жалпы пайдасы 87,4 миллиард теңгені құрады.

Маусымдағы ірі шығыннан кейін қалпына келген Alatau City Bank таза пайдасын тамызда 6,1 миллиард теңге тапты, ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 10,9 миллиард теңгеге жетті.

Сонымен бірге Банк ЦентрКредит айлық пайдасын 19 пайызға өсіріп, 19,5 миллиард теңгеге (жыл басынан бері 142,5 млрд теңге), «Ситибанк Қазақстан» 9,5 миллиард теңгеге (жыл басынан бері 68,9 млрд теңге) жеткізді.

Отбасы банк таза пайдасын 10 пайызға көбейтіп, 15,0 миллиард теңгеге (жыл басынан бері 115,0 млрд теңге), ал Bank RBK 34 пайызға өсіріп, 4,0 миллиард теңге (жыл басынан бері 34,8 млрд теңге) таза пайда алған.

Нарық көшбасшылары да табысты арттыруды жалғастырды: Halyk Bank тамызда 76,2 миллиард теңге тауып, жыл басынан бергі жалпы пайдасын 615,3 миллиард теңгеге жеткізсе, Kaspi Bank айлық пайдасын 41,8 миллиард теңгеге арттырып, жыл басындағы көрсеткішін 309,8 миллиард теңгені құрады.

Тұрақты өсім көрсеткен ВТБ Банк (Қазақстан) айлық пайдасын 4 пайызға өсіріп, 3,5 миллиард теңге тапты, ал жыл басынан бергі табысы 24,8 миллиард теңгені құрады.

Кейбір банктер үшін тамыз айы керісінше бәсеңдеу кезеңі болды. Әсіресе шілдеде күрт өсім көрсеткен Freedom Bank пен Bereke Bank-тің табыс табу қарқыны бәсеңдеді.

Bereke Bank-тің де айлық таза пайдасы бәсеңдеп, 4,8 миллиард теңгені құрады (жыл басынан бері 21,1 млрд теңге). Осы қатарда Home Credit Bank тамызда 4,1 миллиард теңге тауып, көрсеткіші 3 пайызға төмендеді, алайда жыл басынан бергі жалпы табысын 30,7 миллиард теңгеге жеткізді.

Жыл басынан бері табысы азайған банктер жаз айларында пайдасына арттыра бастады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар