Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

106 жастағы Шымкент тұрғыны елдегі ең қарт зейнеткер атанды

kz.kursiv.media

106 жастағы Шымкент тұрғыны елдегі ең қарт зейнеткер атанды

Елдегі ең қарт зейнеткер Шымкентте тұрады. Ол 106 жаста және бүгінде үлкен әрі тату отбасының қамқорлығында, деп хабарлайды Kursiv.media.

Otyrar ақпаратына қарағанда, Қазақстанда 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар. 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы алады. Олардың 64%-ы – әйелдер, 36%-ы – ерлер.

Ал ер азаматтар арасында ең үлкені – Алматының 104 жастағы тұрғыны Зұлхарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор әрі академик. Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі жауынгерлік жолдан өткен.

Соғыстан кейін Сейітов өмірін ғылым мен ұстаздыққа арнап, 150-ден астам ғылыми еңбек, монография және оқу құралының авторы атанды. Оның әскери еңбегі Қызыл Жұлдыз және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен бағаланған.

Ал жақында Алматы қаласы Наурызбай ауданында тұратын Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Леонид Никитович Подколзин 100-ге келген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар