Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өлім жазасы қолданылған америкалық әйел тіріліп кетті

kz.kursiv.media

Өлім жазасы қолданылған америкалық әйел тіріліп кетті

АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасына кесілген 50 жастағы Криста Пайкке өлім жазасын орындау әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

ВВС ақпаратына қарағанда, оған пентобарбиталдың екі дозасы енгізілгенімен, ол тірі қалып, кейін ауруханаға жеткізілді.

Қорғаушыларының айтуынша, инъекция кезінде тамырға қатысты қиындықтар туындаған және Пайк есінен танғанымен, жүрек соғысы сақталған.

Заңгерлері жазаны орындауды тоқтатып, оған шұғыл медициналық көмек көрсетуді сұраған.

Теннесси түзету департаменті өлім жазасының заңда белгіленген барлық рәсімдерге сәйкес орындалғанын мәлімдеді.

Пайктың адвокаттары оның балалық шағында жыныстық зорлық-зомбылық көргені сияқты жеңілдететін жағдайлар алқабилердің қарауына толық ұсынылмағанын сотта дәлелдеуге тырысқан.

Пайк 1996 жылы 19 жастағы Коллин Слеммерді өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. АҚШ Жоғарғы соты өлім жазасын тоқтатуға бағытталған бірнеше соңғы өтінішті қабылдамаған.

Айта кететін жайт, Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиеева педофилдерге өлім жазасын қолдануды ұсынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар