Әділет Алмат финалда жарақат алып, Азия ойындарының күмісін иеленді
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алмат финалда Жапония өкілімен алтын медаль үшін белдесті. Шешуші кездесудің барысында қазақстандық дзюдошы иығын ауыртып алды. Жарақатына қарамастан белдесуді жалғастырғанымен, нәтижесінде жапониялық қарсыласына есе жіберді.
Осылайша Әділет Алмат Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады.
Қазақстандық дзюдошы жарысты қырғызстандық Алмазжан Тегин уулуға қарсы бастап, оны иппонмен жеңген. Ширек финалда моңғолиялық Оюунчимэг Шинэбаярдан басым түсті.
Жартылай финалда Алмат Тәжікстан өкілі Абубәкір Шеровпен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын вазари ұпайымен жеңіп, Азия ойындарының финалына жолдама алған еді.
Айта кетейік, Әділет Алмат биыл сәуірде Ташкентте өткен Азия чемпионатында 81 келіде алтын медаль жеңіп алған.
Осылайша, Қазақстан дзюдодан төртінші жүлдесін алып отыр. Бұған дейін Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова күміс алса. Эсмигүл Куюлова қола медаль алды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026