TikTok-та былапыт сөз айтқан екі алматылық қамалды
Алматыда TikTok-тағы былапыт сөздері үшін екі азамат 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok әлеуметтік желісінен екі азаматтың былапыт сөздер айтқан бейнежазбасын анықтады.
«Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған. Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Полиция былапыт сөздерді жария түрде, тіпті «әзіл» ретінде қолданса да жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Мұның алдында TikTok-тағы тікелей эфир кезінде мысықты тістеген ер адам ұсталған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026