Алматы полициясы көшеде жалаңаяқ жүрген әйелдің жағдайына пікір білдірді
Алматы тұрғындары аяқ-қолы байлаулы күйде көшеде жалаңаяқ жүрген әйелді байқап, полицияға хабар берген. Оқиғаның видеосы «Письма президенту» Telegram арнасында жарияланды.
Видео авторының айтуынша, әйелді туған баласы байлап тастаған болуы мүмкін.
«Ұлы туған анасын байлап, ерлі-зайыптының өміріне араласқаны үшін «жазаламақ» болған», – деп жазылған видео сипаттамасында.
Жағдайға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ресми ақпаратқа сәйкес, Алатау ауданы полициясы тергеу жұмысын бастады.
«Әйелдің жеке басы анықталды. Қазір ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Аталған жағдайға қатысты бұған дейін полицияға ешқандай өтініш немесе хабарлама түспеген», – деп хабарлады полиция.
Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша азаматтардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.
Бұған дейін Алматыда 9 жасар балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген ер адам ұсталды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026