Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев NVIDIA басшылығымен Екібастұздағы жобаны талқылады

kz.kursiv.media

Тоқаев NVIDIA басшылығымен Екібастұздағы жобаны талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Тараптар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Кездесуде Қазақстанда NVIDIA технологиялары негізінде екі суперкомпьютер кластері іске қосылғаны айтылды. Сондай-ақ, Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру жобасына ерекше назар аударылды.

Жоба алғашқы кезеңде қуаты шамамен 30 МВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның қуатын 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған.

Тоқаев жобаны іске асыруда NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған келісімдердің маңызын атап өтті. Өз кезегінде Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының дамуын жоғары бағалап, жобаға алдағы кезеңдерде қатысуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, тараптар елдің кадрлық әлеуеті мен технологиялық экожүйесін дамыту мәселелерін қарастырды.

NVIDIA – жасанды интеллект чиптерін шығаратын ең ірі технологиялық компаниялардың бірі. Қазіргі нарықтық капиталы шамамен 5,5 трлн доллар деп бағаланған, әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі. Компанияны 1993 жылы Дженсен Хуанг, Крис Малаховски және Кертис Прием құрған.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ-форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы жобалар көрмесін аралаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар