Талдықорған тұрғыны TikTok-тағы стримнен кейін жауапқа тартылды
TikTok-та бейәдеп сөздер айтқаны үшін Талдықорған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Polisia.kz Telegram-арнасының мәліметінше, Талдықорғанда полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан стриммерді анықтаған.
Тексеру барысында стримге қатысқан адамның жеке басы анықталды, ол – 32 жастағы қаланың жергілікті тұрғыны.
Жиналған материалдар бойынша Талдықорған қалалық соты әйелді «Ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін айыпты деп танып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Бұған дейін Алматыда TikTok-тағ былапыт сөздер айтқан үшін екі азамат 5 тәулікке қамауға алынған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026