Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтарға шетелден көлік әкелудің жаңа тәртібі түсіндірілді

kz.kursiv.media

Қазақстандықтарға шетелден көлік әкелудің жаңа тәртібі түсіндірілді

Қазақстанда жеке тұлғалардың шетелден көлік әкелуге қатысты жаңа талаптар түсіндірілді. 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап электронды паспорт пен қауіпсіздік куәлігін рәсімдеу кезінде көліктің жасы мен оны елге әкелу тәсіліне қатысты талаптар қолданылады. Билік өкілдері бұл талаптардың басым бөлігі бұрыннан болғанын, қазір олардың бірізді жүйеге келтіріліп жатқанын атап өтті.

Енді жеке тұлғаларға жолаушыларға арналған кедендік декларациямен әкелінген, жасы бес жылдан аспайтын көлікке ғана электронды паспорт пен қауіпсіздік куәлігі рәсімделеді.

Бұдан бөлек, Көлік министрлігі көліктің экологиялық класына қатысты талапты да нақтылады. Импортталатын автокөлікті алғашқы рет пайдалануға жіберу кезінде «Еуро-5» және одан жоғары экологиялық стандарты қолданылмақ.

Электронды паспорт рәсімдеуге қатысты тағы бір шектеу бар: бір жеке тұлға жылына тек бір автокөлікке электрондық паспорт ала алады.

Бұл ретте көлік иесі туралы деректер жолаушыларға арналған кедендік декларацияда көрсетілген декларанттың мәліметтерімен салыстырылады.

Егер автокөлік жеке пайдалану үшін әкелінсе, жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданылады. Бұл жағдайда кедендік төлемдер ЕАЭО-ның бірыңғай мөлшерлемелері бойынша есептеледі.

Жасы үш жылдан аспайтын көліктер үшін мөлшерлеме оның құнына байланысты белгіленсе, үш жылдан асқан автокөліктер бойынша төлем көлеміне қозғалтқыш көлемі мен көліктің жасы әсер етеді.

Ал автокөлік коммерциялық мақсатта әкелінсе, тауарларға арналған декларация рәсімделеді. Мұндай жағдайда кедендік алым, әкелу бажы және 16% қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді.

Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын кейбір автокөліктерге бұдан бөлек акциз де қарастырылған.

Утильалымды есептеу тәртібі өзгерген жоқ. Алайда 22 қыркүйектен бастап жеке тұлғалар автокөлікті еркін айналымға шығарғанға дейін, яғни кедендік рәсімдеу аяқталғанша оның утильалымын төлегені туралы сертификат алуы тиіс.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тәртіп бұрынғыдай қалады. Сертификат көлікті алғаш рет тіркегенге дейін, ал автокөлік бұдан бұрын сатылатын болса, сатылғанға дейін алынуы керек.

Билік өзгерістерді автокөлік импортын ретке келтіру, көлік паркін жаңарту және рәсімдеу процесінің ашықтығын арттыру қажеттігімен түсіндіреді.

Қазақстан Автокөлік одағында жаңа тәртіп көліктің шыққан жерін, тарихын және заңдық тазалығын алдын ала тексеруге мүмкіндік береді деп есептейді.

Алайда шетелден жеңіл көліктерді сатып алып, елге жеткізумен айналысатын импорттаушылар мен дилерлер өзгерістермен келіспейді. Олар бұған дейін Президентке ашық хат жолдап, жаңа тәртіпті жоюды сұраған. Кәсіпкерлер әсіресе қолданылған автокөліктерді импорттау кезіндегі жоғары мөлшерлемелерге назар аударған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар