Алматы әуежайы екі жылда тапқан таза пайдасын түгел түрік акционеріне аудармақ
Алматы халықаралық әуежайының жалғыз акционері соңғы үш жылда жинақталған пайдадан 84,6 млрд теңге көлемінде дивиденд алу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 1 қыркүйекте бекітіліп, 1 қазанда Қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Акционер шотына аударылатын сома соңғы үш жылдың қаржы көрсеткіштерінен құралған. Атап айтқанда, 2023 жылдың бөлінбей қалған 72,5 пайыз таза пайдасынан акционерге 26,56 млрд теңге беріледі. Ал 2024 жылы тапқан 26,50 млрд теңге мен 2025 жылғы 31,50 млрд теңге көлеміндегі таза пайда толығымен дивиденд ретінде аударылады.
Бұл қаражат АҚШ долларымен есептегенде 182,92 миллион долларды құрайды. Компания төлемді Ұлттық банктің 1 қыркүйектегі бағамымен, яғни 1 доллар үшін 462,31 теңге есебімен есептеген.
Дивиденд төлеу 1 қыркүйектен басталған. Әуежай өз міндеттемелерін шешім қабылданған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде біржола немесе бөліп төлеу арқылы орындауы тиіс.
- Соңғы
-
- Қазан, 01
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026