Ақтауда жалған жүктілік анықтамасын ұсынған әйел 15 тәулікке қамалды
Ақтауда мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылған әйел әкімшілік қамаудан құтылу үшін сотқа жүктілік туралы жалған анықтама ұсынған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Маңғыстау облыстық прокуратура хабарлауынша, Мас күйінде көлік басқарғаны үшін заң бойынша 15 тәулік әкімшілік қамау және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот отырысында әйел жүктілігі туралы медициналық анықтама көрсеткен. Осы құжат негізінде сот оны әкімшілік қамаудан босатып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындаған.
Кейін Ақтау прокуратурасы тексеру жүргізіп, сотқа ұсынылған анықтаманың жалған екенін анықтаған.
Прокурордың наразылығын қараған Маңғыстау облыстық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертті. Әйелге 15 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, медициналық құжатты қолдан жасау және оны пайдалану фактісі бойынша медицина қызметкері мен әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, осыған дейін Астанада той кортежіне қатысқан үш жолаушы 10 тәулікке қамалған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
1 қазан 2026