Су басқан Нью-Джерси көшелеріне акула жүзіп келген
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында қатты дауыл тұрып, су тасқыны болған. Сол кезде акула көшеде жүзіп жүрген, деп хабарлайды Kursiv.media.
Futurizm ақпаратына қарағанда, демалыс күндері болған күшті солтүстік-шығыс дауылы қалаларды су басуына себеп болды.
Су басқан көшелердің бірінде жергілікті тұрғын акуланың жүзіп жүргенін видеоға түсірген.
Зерттеуші Грег Скомалдың айтуынша, видеодағы акула тегіс итбалық акуласы болуы мүмкін. Бұл – шағын әрі адамға қауіпті емес акула түрі.
Акула кейін Барнегат шығанағына қарай жүзіп кеткен.
Дауыл Нью-Джерси мен Нью-Йоркке қатты әсер етіп, кей аудандарда төтенше жағдай жарияланды.
Сағатына 60 мильден (шамамен 97 км/сағ) жоғары жел ағаштарды құлатып, Бруклинде 56 жастағы ер адамның қаза болуына себеп болған. Нью-Джерсиде көптеген үйлерді су басқан.
Айта кететін жайт, әлемде акуланың 520-ға жуық түрі кездеседі. Қазірге дейін тіркелген шабуылдарға олардың тек он шақты түрінің ғана қатысы бар.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026