Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда астық пен қантты биржа арқылы сату талабы өзгереді

kz.kursiv.media

Қазақстанда астық пен қантты биржа арқылы сату талабы өзгереді

Қазақстанда астық пен қант саудасына қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Өзгерістер 2026 жылғы 9 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тауар биржаларында сатылатын тауарлар тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

«Астық экспорттаушылар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қоспағанда, өнімін ішкі нарықта сататын астық нарығының қатысушылары алдыңғы айда биржадан тыс өткізілген астық көлемінің кемінде 5%-ын тауар биржалары арқылы сатуға міндетті болады», – делінген жаңа талапта.

Бұл талап бидай, меслин және арпаға қатысты.

Қант өндірушілері өндірілген өнім көлемінің 20%-ын, ал импорттаушылар елге әкелінген қант көлемінің 20%-ын тауар биржалары арқылы өткізуі тиіс.

Бұдан бөлек, жаңа піскен және салқындатылған картоп та 2026 жылғы наурыздан бастап биржалық тауарлар тізіміне енгізілген. Ол бойынша жеткізілімнің ең төменгі партия көлемі 1000 тонна болып белгіленген.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық компаниялар Ауғанстанға жалпы құны 21 млн доллар болатын бидай мен күнбағыс майын жеткізуге келісім жасаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар