Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді

kz.kursiv.media

Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді

Шымкентте бойы екі метрге жуық сарбаз патруль қызметін атқарып жүр. Оның аяқ киім өлшемі – 47. Қаруластары оны әзілдеп «Гулливер» деп атап кеткен.

Бұл – 19 жастағы қатардағы Денис Мухин. Ол Алматы облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылып, қазір ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүр.

Денистің бой ерекшелігі әскери қызметінің алғашқы күндерінен-ақ байқалған. Оқу пунктінде оған шақ аяқ киім іздестіріліп жатқанда, бірнеше күн бойы әскери бөлім берген кроссовкамен жүруге тура келген. Көп ұзамай тыл қызметі сарбазға 47 өлшемді аяқ киім тауып берген.

Денис әскерге дейін Талғар политехникалық колледжін автоэлектрик мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бала кезінен волейболмен айналысқан. Тоғызыншы сыныпта-ақ 45 өлшемді аяқ киім киген.

Сарбаздың айтуынша, бойы мен аяқ киімінің үлкен болуы әкесінен дарыған.

«Бойым мен аяқ киім өлшемім үлкен болуы әкеме тартқан», – дейді Денис.

Қазір Денис әскери бөлімнің патрульдік қызметіне тартылып, Шымкент көшелерінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ол тек бойымен емес, тіл білуімен де қаруластарынан ерекшеленеді. Денис қазақ тілін жақсы меңгерген және күнделікті қызмет барысында қазақша еркін сөйлеседі.

Ұзын бойлы сарбазды көшеде көрген тұрғындардың назары оған жиі ауады. Ал әскери бөлімдегі қаруластары оны «Гулливер» деп атап кеткен.

Тағы да оқыңыз: Сарбаздар әскери бөлімге пицца мен бургерге тапсырыс бере алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар