Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 9 жастағы балаға қатысты сексуалды сипаттағы әрекеті үшін ер адам ұсталды

kz.kursiv.media

Алматыда 9 жастағы балаға қатысты сексуалды сипаттағы әрекеті үшін ер адам ұсталды

Алматыда 9 жастағы балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында баланың анасы қордың көмегіне жүгінгенін хабарлады. Әйелдің айтуынша, ұлы көршісінің тарапынан сексуалдық сипаттағы әрекетке ұшыраған.

Баланың анасы ер адам ұлын алдап, үйіне шақырғанын айтқан. Әйел бейнебақылау камерасынан баласының подъезге кіргенін көріп, оны іздеуге барған. Кейін полицияға арызданған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Рақышева Қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-бөлігі («Он алты жасқа толмаған адамды азғындық жолға түсіру») бойынша да қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында туған қызын алты жасынан зорлап келген әке ұсталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар