Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қант тұтыну деңгейі соңғы тоғыз жылда ең жоғары көрсеткішке жетті

kz.kursiv.media

Қант тұтыну деңгейі соңғы тоғыз жылда ең жоғары көрсеткішке жетті

2026 жылдың II тоқсанында бір адамға 5,1 кг-нан астам құмшекерден келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға, ал осы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 11%-ға артық, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Data Hub сарапшыларының мәліметінше, қазіргі көрсеткіш 2017 жылдың III тоқсанынан бергі ең жоғары деңгей. Десе де оған өте жақын көрсеткіш (5,1 кг-нан сәл ғана аз) 2018 жылдың II тоқсанында тіркелген еді.

Бұл орайда тұтыну көрсеткіші белгілі бір маусымға да байланысты екенін ескерген жөн. Мәселен, жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштер шілде-қыркүйек айларына сәйкес келеді.

Құмшекерден бөлек, рафинад шекерін тұтыну бойынша да мәліметтер бар. Оның көрсеткіші салыстырмалы түрде аз. 2026 жылдың II тоқсанында жан басына шаққанда 97 грамнан келеді. Дегенмен мұнда да өсім байқалады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23%, ал өткен тоқсанмен салыстырғанда 5%-ға өскен. Бұл 2022 жылдың наурыз айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Осылайша, құмшекер мен рафинадтың жалпы жиынтық тұтынылуы шамамен 5,2 кг-ды құрады.

Бұған дейін Kursiv.Media Қазақстанда қант өндіру көрсеткіші күрт төмендеп кеткенін жазған еді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында отандық қант зауыттары 9,5 мың тонна өнім шығарған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар