Ұлытау облысында құны 1 млрд теңгеге жуық марганец заңсыз сатылған
Ұлытау облысы Қаражал қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндірген топ ұсталды. Олар жалпы құны 950 миллион теңгеден асатын 4 мың текше метрден астам кенді заңсыз сатып үлгерген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаржы мониторинг агентігінің мәліметінше, күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын – экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған.
Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.
Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.
Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта қылмыстық топқа қатысты тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтыны хабарланды.
Еске сала кетейік, дәл осындай марганец кенін заңсыз өндіру дерегі 2026 жылдың ақпанында да анықталған еді. Ол кезде құны 4,8 млрд теңге болатын марганец заңсыз өндіріліп, сатылған. Қылмыстық істің фигуранттары 5 жылға сотталды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026