Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің құттықтау жеделхатында Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше екені көрсетілген.

«Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік тың қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар биыл Шанхайдағы жүздесу өзара ықпалдастықтың келешегіне деген ортақ көзқарасты бекемдеп, сан қырлы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге жол ашқанына тоқталды.

Президент Қытай Төрағасының жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.

Мұнын алдында Тоқаев Қытай басшысына Сицзан автономды ауданында болған жойқын сел салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтқан еді. .

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар