Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Орталық Азиядағы алғашқы Qazaq AI Research университетін ашты

kz.kursiv.media

Тоқаев Орталық Азиядағы алғашқы Qazaq AI Research университетін ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaq AI Research University (QAIRU) ресми ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл – Орталық Азияда AI-Enabled моделін жүзеге асыратын алғашқы университет.

Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы барысында мемлекет басшысы адам капиталына айрықша мән берді.

Президенттің пікірінше, заманауи деректер орталығы, озық технологиялар өздігінен ешқандай нәтижеге кепіл бола алмайды. Ғалымдар, инженерлер, кәсіпкерлер болмаса, технологиялық серпіліс жасау мүмкін емес.

«Біз білімді, білікті, жасампаз мамандар даярлайтын ұлттық ғылыми-инженерлік мектеп қалыптастыруымыз керек. Осы орайда, жаңадан ашылған Qazaq AI Research University-ге айрықша міндет жүктеледі. Бұл оқу орны білім берумен қатар өндіріс пен экономиканың сұранысына сай ғылыми зерттеулер жүргізуге тиіс. Осы мақсатпен жасанды интеллектіні нақты салаларда қолдануға арналған AI+X моделі қолға алынып отыр», – деді президент.

Тоқав оның мүмкіндігін өндіріс, энергетика, медицина, қаржы, мемлекеттік басқару жүйесінде тиімді пайдалану керек екенін алға тартты.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, аталған универистетке 1 қыркүйектен бастап алғашқы студенттер қабылданды. Бүгінде университетте 528 студент білім алып жатыр, оның 294-і мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқиды.

Айта кететін жайт, Тоқаев 2025 жылы елдің IT-қызметтер экспорты шамамен 1 млрд долларға жеткенін мәлімдеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар