Қырғызстанда діни тақырыптағы контентке талап күшейеді
Қырғызстанда діни тақырыпта контент жасайтын блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары арнайы рұқсат алуға міндеттеледі, деп жазады Kursiv.Media.
Бұл туралы Президент жанындағы Дін істері және этносаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттіктің бас маманы Нұрғазы Қырғызбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, заңнамаға «діни уағызшы» ұғымы енгізілген. Енді діни тақырыпта подкаст, видео немесе жазба жариялауды жоспарлаған автор алдымен Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына жүгініп, діни білімін растауы және блогының бағытын көрсетуі керек.
Мақұлданғаннан кейін блогер Ұлттық агенттікке өтініш беріп, бір жылға жарамды ресми куәлік алуы тиіс. Құжаттың мерзімін ұзартуға болады.
Егер блогер жалған ақпарат таратса немесе заң талаптарын бұзса, куәлік күші жойылады. Мұндай жағдайда оны қайта алу мүмкін болмайды.
Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстан үкіметі буллинг пен кибербуллинг үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026