Батыс Қазақстанда ет өңдеу өндірісіне 25 млн доллар инвестиция құйылады
Қазақстандағы ет және балық консервілерін шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Кублей» серіктестігі Батыс Қазақстан облысында жаңа инвестициялық жобаны бастады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жобаның жалпы құны 25 млн АҚШ долларын құрап, қаражат шикізат базасын нығайтуға жұмсалады. Сондай-ақ ет өңдеу көлемі артады. Серіктестік қосылған құны жоғары өнім шығаруды көздейді.
Бастама аясында компания өз жемшөп базасын құрады. Ол үшін заманауи суару жүйелері орнатылады. Сонымен бірге 20 мың басқа дейін ірі қара мал бордақылайтын алаң салынбақ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл қадам өндірістік тізбекті толық біріктіреді. Жемшөп өндіру, мал бордақылау және ет өңдеу өзара тығыз байланысады. Бұл шешім кәсіпорынның ішкі тұрақтылығын арттырады.
«Кублей» серіктестігі нарықта 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның жалғыз құрылтайшысы — Талғат Берекешев. Кәсіпорын 2026 жылы бюджетке 2,3 млрд теңге салық төлеген.
Дайын консерві өнімдері Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстанға экспортталады. Өндірісті кеңейту сыртқы нарықтағы үлесті арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін «Кублей» кәсіпорны киік етінене де консерві шығара бастайтыны хабарланған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026