Елде -6 градусқа дейін суық болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3, 4 және 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан аумағына Солтүстік циклон келіп ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын жауады. Кезеңнің соңына қарай еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта қар, көктайғақ және төмен бұрқасын болжанады. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.
Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.
Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы 0,+5°С-қа дейін, шығыста +7+12°С-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0,+5°С-қа дейін төмендейді.
Еліміздің батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026