Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тарихи алтын: Тамирлан Тілеулес таеквондодан тұңғыш Азия ойындарының чемпионы атанды

kz.kursiv.media

Тарихи алтын: Тамирлан Тілеулес таеквондодан тұңғыш Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан таеквондосының Азия ойындары тарихындағы алғашқы алтын медалі, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

58 келіге дейінгі салмақтың финалында Тілеулес Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Шешуші жекпе-жектің алғашқы кезеңі тартысты өтіп, қазақстандық спортшы 16:14 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде Тамирлан қарсыласына мүмкіндік бермей, 15:2 есебімен айқын басым түсті.

Нәтижесінде Тілеулес финалды кезеңдер бойынша 2:0 есебімен аяқтап, Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.

Бұл жеңіс Қазақстан таеквондосы үшін тарихи нәтиже болды. Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Азия ойындарында жүлде алғанымен, чемпион атана алмаған еді. Тамирлан Тілеулес осы серияны тоқтатып, ел тарихындағы таеквондодан тұңғыш Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, 2 қазан күні Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екі алтынды боксшылар салған еді. 70 келіде Төрехан Сабырхан, ал +90 келіде Айбек Оралбай чемпион атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар