Астанада дрондар арқылы 4 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталды
Астанада полиция жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіпті бақылау үшін күн сайын 10 дрон қолданады. Жыл басынан бері әуеден жүргізілген мониторинг нәтижесінде 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Kursiv.media.
Полицияның мәліметінше, ұшқышсыз ұшу аппараттары ең алдымен жол қозғалысын бақылауға пайдаланылады. Сонымен қатар дрондар бұқаралық іс-шаралар кезінде, рейдтер мен жедел-профилактикалық шаралар барысында да іске қосылады.
Дрондардың тағы бір міндеті – стационарлық бейнебақылау камералары қамтымаған аумақтарды бақылау. Әуеден алынған ақпарат полиция қызметкерлеріне жедел жеткізіліп, құқық бұзушылық анықталған жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді.
«Әуеден жүргізілетін мониторинг полиция қызметкерлеріне жағдайды жедел бағалап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және қажетті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді», – делінген полиция хабарламасында.
Тағы да оқыңыз: Астанада той кортежіне қатысқан үш жолаушы 10 тәулікке қамалды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026