Бас мүфти ұстаздың исламдағы орны туралы айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ұстаздың қоғамдағы рөлі мен рухани мәртебесіне тоқталды. Бұл туралы ол елордадағы «Хазірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арнаған жұма уағызы кезінде айтты.
Жамағатқа арнаған уағызында Бас мүфти ұстаздар тұлғаның қалыптасуына, тәрбиесіне және білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Қасиетті дініміз білім беретін ғалымдар мен ұстаздардың мәртебесін жоғары қояды. Қасиетті Құранда Алла Тағала Адамға барлық атауларды үйреткені айтылады. Мұның өзі білім беріп, адамды оқытатын жанның мәртебесі қаншалықты биік екенін көрсетеді», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жалған ақпараттың таралу мәселесіне назар аударып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының кітабынан үзінді келтірген еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026