Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан балуандары Азия ойындарында төрт медаль жеңіп алды

kz.kursiv.media

Қазақстан балуандары Азия ойындарында төрт медаль жеңіп алды

2 қазан күні Қазақстан құрамасы Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында еркін және әйелдер күресінен төрт жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әйелдер арасында 76 келіде Эльмира Сыздықова финалға дейін жетіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Еркін күрестен Қазақстанға екі қола медаль бұйырды. 65 келіде Начын Куулар, ал 125 келіде Едіге Қасымбек үшінші орыннан көрінді. Ал 86 келіде Азамат Дәулетбеков қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп, жүлдесіз қалды.

Әйелдер күресінен тағы бір жүлдені Зейнеп Баянова жеңіп алды. 50 келіде сынға түскен қазақстандық балуан қола үшін кездесуде Үндістан өкілі Дипаншиді жеңді. Баянова екінші кезеңде басымдығын арттырып, қарсыласын жауырынымен кілемге түсірді.

Осылайша Қазақстан балуандары бүгінгі жарысты бір күміс және үш қола медальмен аяқтады. Күмісті Эльмира Сыздықова алса, қола жүлделер Начын Куулар, Едіге Қасымбек және Зейнеп Баяноваға бұйырды.

Айта кетейік, 2 қазан күні Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екі алтынды боксшылар салған еді. 70 келіде Төрехан Сабырхан, ал +90 келіде Айбек Оралбай чемпион атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар