Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда автобустардың жылдамдығына шектеу қойылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Алматыда автобустардың жылдамдығына шектеу қойылуы мүмкін

Жыл басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілері 13 мың рет жол ережесін бұзған. Олардың басым бөлігі жылдамдықты асырумен байланысты.

Алматы қалалық Полиция департаменті қаладағы қоғамдық көліктің рұқсат етілген жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін шектеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жыл басынан бері полиция жол жылдамдығын асыруға қатысты 1 704 дерек тіркеді. Тағы 1 591 рет жүргізушілер бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен.

Бұдан бөлек, 51 рет рөлде отырып телефон пайдалаған, оған қоса оншақтышопыр жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Сонымен бірге 2026 жылдың басынан бері автоматты тіркеу камералары 127 730 заңбұзушылықты анықтаған. Патрульдік полиция қызметкерлері тағы 223 әкімшілік хаттама толтырды.

2026 жылдың сегіз айында Алматыда жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 335 жол-көлік оқиғасы орын алды: төрт адам қаза тауып, 421 адам түрлі жарақат алды. Ал 2025 жылы осындай 438 апат тіркелген еді. Ол кезде жеті адам қаза тауып, 537 адам зардап шеккен.

Алматы жолдарында 12 тамызда қайғылы жағдай болды. Автобус жүргізушісі 1996 жылғы әйелді қағып кетті. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қаза тапты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар