Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісу облысында жол апатынан адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Жетісу облысында жол апатынан адам қаза тапты

Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автожолында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Апат аталған жолдың 21-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Жол апатынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, апаттың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескеруге, сондай-ақ, көлік басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Шахтинскте жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 19 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар