Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алжирде орман өрті мен балаларға қарсы қылмыс үшін өлім жазасын енгізу ұсынылды

kz.kursiv.media

Алжирде орман өрті мен балаларға қарсы қылмыс үшін өлім жазасын енгізу ұсынылды

Алжир парламентінің төменгі палатасы қасақана орман өртеген мен аса ауыр жағдайда бала ұрлағандарға өлім жазасын енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Associated Press мәліметінше, заң жобасын 307 депутат қолдаса, 17 депутат қарсы дауыс берген, тағы жетеуі қалыс қалған. Құжат енді парламенттің жоғарғы палатасында қаралып, кейін президент Абдельмаджид Теббунның бекітуіне жіберіледі. Қазір өзгерістер күшіне енген жоқ.

Ұсынылып отырған түзетулер бойынша орман, тоғай, егістікті қасақана өртегендерге, сондай-ақ баланы ұрлап, азаптау, сексуалдық зорлық немесе дене жарақатын келтіру сияқты әрекеттерге барғандарға өлім жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл қылмыстар бойынша жеңілдететін жағдайларды қолдануға да жол берілмейді.

Үкімет жазаны күшейтуді қасақана өрт қою мен балаларға қарсы ауыр қылмыстардың алдын алу қажеттігімен түсіндірді. Заң жобасы тамыз айының соңында елдің солтүстік-шығысында ірі өрттер болғаннан кейін ұсынылған. Ресми мәлімет бойынша, апат салдарынан 12 адам қаза тапқан.

Алайда бастамаға қарсы депутаттар өлім жазасы сот қателігі болған жағдайда қайтарылмайтын зардапқа әкелетінін айтты. Amnesty International ұйымы да түзетулерге қарсылық білдіріп, өрттің алдын алу мен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіруге шақырды.

Алжир заңнамасында өлім жазасы әлі де бар. Соттар мұндай үкімдер шығара алады, алайда елде соңғы өлім жазасы 1993 жылы орындалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар