СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың туыстарына үндеу жасады
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарда болуы мүмкін қазақстандықтар туралы ақпаратты олардың туыстарынан ақпарат беруді сұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
СІМ ресми өкілі Жанболат Үсеновтің айтуынша, министрлікке кейбір отбасылар отандастарын елге қайтаруға көмек көрсету туралы өтініш берген.
«Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – министрлік жұмысының негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан азаматтар туралы толық әрі нақты ақпаратты олардың өздерінен немесе жақындарынан алу маңызды», – деді Жанболат Үсенов.
Оның айтуынша, туыстардың өтініштерін қабылдау үшін СІМ-де арнайы жедел желі жұмыс істейді. Азамат туралы ақпарат берген кезде оның аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері және жасалған еңбек келісімшарттарының шарттары көрсетілуі қажет.
Жедел желі нөмірлері:
СІМ қазақстандықтарды елге қайтару бойынша Ресей тарапымен консультация жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан қазақстандықтарға байланысты Ресейге нота жолдаған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
2 қазан 2026