Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иранға қарсы елдердің кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынбақ

kz.kursiv.media

Иранға қарсы елдердің кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге тыйым салынбақ

Иранға дұшпан мемлекеттердің кемелері және әскери жүк тасымалдайтын көліктер Ормұз бұғазы арқылы өте алмайды. Бұл туралы Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Хасан Гашгави мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Оның айтуынша, тиісті ереже стратегиялық маңызды бағыттың қауіпсіздігі туралы жаңа заң жобасында қарастырылған.

«Сионистік режимге және дұшпан мемлекеттерге тиесілі кемелер, сондай-ақ бізге қарсы әскери әрекет жүргізетін немесе әскери жүк тасымалдайтын кемелер Ормуз бұғазы арқылы өте алмайды», – деді Гашгави.

Оның сөзінше, Иранға дұшпан емес мемлекеттердің кемелері бұғаздан өту үшін жаңа заңда белгіленген тәртіпке сәйкес, Иран Қарулы күштерінің Бас штабынан арнайы рұқсат алуы керек.

Гашгави заң жобасының тиісті комитетте қаралып, мақұлданғанын айтты. Енді құжат парламенттің ашық отырысына шығарылып, кейін Конституцияны қорғаушылар кеңесінің қарауына жіберіледі.

Тағы да оқыңыз: «АҚШ үшін қолайсыз»: Трамп Иранның ұсынысынан бас тартты

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар