Тоқаев Astana AI Film Festival фестивалінің ашылуына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Мемлекет басшысы фестивальді креативті индустрияның дамуына серпін беретін бірегей жоба деп атап өтті.
«Astana AI Film Festival» – ізденімпаз, білімпаз, жаңашыл, жасампаз азаматтар сынға түсетін, бұрын-соңды болмаған бірегей жоба. Бұл – ұшқыр ой мен тың бастамалардың бәсекесі», – деді Тоқаев.
Президент жасанды интеллектіні дамыту кезінде қауіпсіздік пен жауапкершілікке басымдық беру қажеттігін айтты. Оның пікірінше, технологияның мүмкіндіктерін адамзат игілігіне пайдалану маңызды.
«Бір анығы, бұл үдерісті тоқтату мүмкін емес. Менің ойымша, оған ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан ең әуелі қауіпсіздікке баса назар аударып, жасанды интеллектіні дамыту мен жауапкершілікпен қолдану ережесін әзірлегеніміз жөн», – деді ол.
Тоқаев жасанды интеллект шығармашылық саладағы жастардың мүмкіндігін кеңейтетінін атап өтті. Оның айтуынша, шағын шығармашылық топтар енді ірі студиялармен бәсекеге түсе алады.
Фестивальге әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Байқауға АҚШ, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония, Бразилия, Франция және басқа елдердің өкілдері қатысып отыр.
«Шығармашылық адамдары мен түсірілім топтары үшін фильм түсіруде продюсерлік компаниялардың табалдырығын тоздырып, демеуші іздеудің қажеті жоқ. Нарыққа шығудың жолы әлдеқайда жеңілдеді», – деді президент.
Astana AI Film Festival – жасанды интеллект қолданылған фильмдер арасындағы алғашқы халықаралық байқау.
Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Орталық Азиядағы алғашқы Qazaq AI Research университетін ашқан еді
- Соңғы
- Қазан, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қазан 2026