Қазақстанда ядролық және радиациялық оқиғаға жедел әрекет ету орталығы ашылды
Қазақстанда 2 қазанда ядролық және радиациялық оқиғаларға жедел мониторинг жүргізу және әрекет ету орталығы ашылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Атом энергиясы агенттігі хабарлауынша, орталық Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық аясында АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің (DOE/NNSA) қолдауымен құрылды.
Жаңа орталық радиациялық жағдайды бақылап, талдайды, ақпарат алмасуды жедел қамтамасыз етеді және ядролық немесе радиациялық оқиғалар кезінде тиісті органдардың іс-қимылын үйлестіреді.
Ведомствоның мәліметінше, орталық жедел әрі негізделген шешім қабылдау үшін сенімді ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұлттық ядролық және радиациялық қауіпсіздік жүйесінің ықтимал оқиғаларға дайындығын арттыру және мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту көзделіп отыр.
Алдағы уақытта орталықтың техникалық және талдамалық мүмкіндіктерін кеңейту, ведомствоаралық байланысты жетілдіру, мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар, практикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.
Айта кетейік, осыған дейін Курчатов қаласындағы электр станциясының құрылысына 881 млрд теңге жұмсалатыны туралы жазған едік.
- Соңғы
- Қазан, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қазан 2026