Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтауда қызметтік көлікпен баланы қағып кеткен бұрынғы полицей сотталды

kz.kursiv.media

Ақтауда қызметтік көлікпен баланы қағып кеткен бұрынғы полицей сотталды

Көктемде Ақтауда қызметтік көлікпен бүлдіршінді қағып, өліміне себеп болған бұрынғы полицейге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

LADA басылымының ақпаратына сүйенсек, оқиға 13 мамырда 27-шағынауданда болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жол апатынан бір жарым жастағы бала қаза тапқан.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни көлік құралдарын пайдалану немесе жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан әрекет үшін кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Моральдық-материалдық зиянды өтеу мәселесі соттан тыс тәртіппен шешілген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтауда жалған жүктілік анықтамасын ұсынған әйел 15 тәулікке қамалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар