Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 4,3 млн теңге сыйақыға қанша мұғалім таласады

kz.kursiv.media

Қазақстанда 4,3 млн теңге сыйақыға қанша мұғалім таласады

Қазақстанда ұстаздардың кәсіби жетістіктерін ынталандыру мақсатында «Үздік педагог» республикалық байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, байқаудың аудандық кезеңіне 2145 мұғалім мен оқытушы тіркелген. Оның ішінде 939 педагог облыстық кезеңге жолдама алған. Қазір республикалық қорытынды кезеңге қатысу үшін тіркеу жалғасып жатыр.

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. Ол үшін кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық еңбек өтілі болуы қажет.

Биыл байқаудың іріктеу кезеңі ережеге енгізілген өзгерістерден кейін 27 тамызда басталды. Республикалық кезең 22 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтеді. Ол екі турдан тұрады: алдымен комиссия қатысушылардың материалдарын бағалайды, кейін педагогтер сабақ немесе оқу жұмысын өткізеді.

Байқау қорытындысы бойынша 64 педагогке дейін «Үздік педагог» атағы беріледі. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан – 10-ға дейін, орта, арнайы, мамандандырылған және қосымша білім беру саласынан – 34-ке дейін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 20 оқытушыға дейін марапатталады.

Әр жеңімпазға 1000 АЕК, яғни 4 млн 325 мың теңге сыйақы, арнайы куәлік және «Білім беру ұйымының үздік педагогі» төсбелгісі табысталады.

«Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Былтыр 64 педагог жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда Үздік математик мұғалімдерге 2 000 000 теңге берілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар