Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар енді «Болашақ» стипендиясымен Бостон университетіне түсе алады

kz.kursiv.media

Қазақстандықтар енді «Болашақ» стипендиясымен Бостон университетіне түсе алады

Енді қазақстандық білім алушылар «Болашақ» стипендиясымен Бостон университетіне түсе алады. Тиісті бұйрыққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1 қазанда қол қойды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Енді білім алушыларға ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімінде жаңа жол пайда болды. «Болашақ» стипендиясы бойынша Бостон университетінде білім алуға және тілдік курстардан өтуге болады.

«Барлық мамандықтар бойынша білім алуға арналған жетекші шетелдік жоғары оқу орындары Бостон университетімен (Boston University) толықтырылсын», – делінген министр бұйрығында.

Құжат 2026 жылдың 12 қазанынан бастап заңды күшіне енеді.

Жаздың соңында стипендия иегерлерінің есімдері белгілі болған еді.

«Болашақ» стипендиясының иегері атанған 184 қазақстандықтың 137-сі магистратурада, 10-ы докторантурада білім алса, тағы 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар