Данияның Сыртқы істер министрі Қазақстанның жетістіктерін атады
Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Қазақстан Тәуелсіздігінің келе жатқан 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, ол осы жылдар ішінде еліміздің айтарлықтай табыстарға қол жеткізгеніне тоқталып өткен.
Сондай-ақ Ларс Лёкке Расмуссен Данияның Қазақстанмен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады.
«Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ірі ел саналады. Мұнда Данияның көптеген компаниясы жұмыс істейді. Олар осы серіктестікті алдағы уақытта кеңейте түсуге қызығушылық танытып отыр», – деді Дания Сыртқы істер министрі.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ларс Лёкке Расмуссен көлік-логистика, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, аса маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және су қауіпсіздігі салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасы жөнінде пікір алмасқан.
Мұның алдында Тоқаев Орталық Азиядағы алғашқы Qazaq AI Research университетін ашқан болатын.
- Соңғы
- Қазан, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 қазан 2026