Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Нұртастың концертіне байланысты Алматыда бір метро станциясы жабылады

kz.kursiv.media

Қайрат Нұртастың концертіне байланысты Алматыда бір метро станциясы жабылады

Алматыда метро станцияларының бірі – «Байқоңыр» станциясы уақытша жабылады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Bes.media ақпаратына қарағанда, 4 қазанда, сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін кіріп-шығу үшін уақытша жабылады.

4 қазан күні кешке Алматы метросы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Алматы метрополитенінің мәліметінше, мұндай шара Орталық стадионда өтетін концертке байланысты қабылданды.

«20:30-дан 22:00-ге дейін станция жолаушылар үшін кіріп-шығуға жабық болады. Осы уақыт аралығында пойыздар «Байқоңыр» станциясына тоқтамай, өтіп кетеді. 22:00-ден кейін станция қайтадан жолаушыларды қабылдап, метро жабылғанға дейін жұмысын жалғастырады. Қала тұрғындарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді алдын ала ескеруді сұрайды», – делінген ақпаратта.

Бүгін Орталық стадионда Қайрат Нұртастың шығармашылық қызметінің 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» атты мерейтойлық концерті өтеді. Концерт сағат 19:00-де басталады.

Айта кететін жайт, Қайрат Нұртас концертінен түскен ақшаға қаза болған сарбаздардың аналарына көмек көрсетпек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар