Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талдықорғанда әйелін тапаншамен қуып жүрген ер адам ұсталды

kz.kursiv.media

Талдықорғанда әйелін тапаншамен қуып жүрген ер адам ұсталды

Талдықорғанда әйелін ұрып-соғып, тапаншамен қуып жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.media.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, әлеуметтік желілерде жеке үйдің ауласында тек іш киіммен жүрген, қолында тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адамның әйелді қуып жүрген видеосы тараған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ер адам бір жасар баласы ұйықтатпай қойғанына ашуланып, жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан.

Жетісу облысының полиция департаменті 2 қазанда әйелдің күйеуінің дене жарақатын салғаны және өзіне қауіп төндіргені туралы арызбен жүгінгенін хабарлады.

Ер адам ұсталды. Оның жанынан пневматикалық қару табылып, тәркіленді.

Дене жарақатын салу және қорқыту фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды.

Айта кететін жайт, Алматы облысының Қарасай ауданында да осыған ұқсас оқиға болды. Полиция қызметкерлері әйеліне қол жұмсаған 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады,

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар