Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде ағаш кесу цехында алапат өрт шықты

kz.kursiv.media

Семейде ағаш кесу цехында алапат өрт шықты

Семей қаласындағы Глинки көшесінде ағаш кесу цехының аумағында 400 шаршы метр алаңда ағаш материалдары өртенді, деп хабарлайды Kursiv.media.

112 kz ақпаратына қарағанда, сондай-ақ ірі көлемде күнбағыс тұқымының қабығы да жалынға оранған.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылған.

«Өртті сөндіруге алты өрт сөндіру оқпаны берілді. Суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін үш автоцистерна және бір су тасығыш көлік жұмылдырылды», – делінген ТЖМ ақпаратында.

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдарының 14 бірлігі және 47 қызметкері тартылған. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кететін жайт, Семейде Сосновая көшесіндегі көлік жуу орнында ірі өрт шыққан еді. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті,

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар