Мерей Қабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Мерей Кабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды.
Джиу-джитсу шебері 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен.
Ол жартылай финалда Қырғызстан өкілі Абдурахман Муртазалиевті жеңіп, финалдағы қарсыласы Сауд Арабия өкілі Абдулла Тарик Нададан 0:7 есебімен ұтылып қалды.
2 қазан күні Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екі алтынды боксшылар салған еді. 70 келіде Төрехан Сабырхан, ал +90 келіде Айбек Оралбай чемпион атанды.
Сонымен қатар Қазақстан балуандары Азия ойындарында төрт медаль жеңіп алған.
- Соңғы
- Қазан, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 02
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қазан 2026