Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанның су добы шеберлері Азия ойындарында күміс жүлде иеленді

kz.kursiv.media

Қазақстанның су добы шеберлері Азия ойындарында күміс жүлде иеленді

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Шешуші кезеңге дейін сүрінбей жеткен отандық спортшылар финалда алаң иелері – Жапония құрамасымен күш сынасты.

Төрт кезеңге созылған тартысты бәсеке 24:7 есебімен жапон спортшыларының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азиаданың күміс медалін қанжығасына байлады.

Бұған дейін Мерей Қабдуллаев джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар