Франциядағы оқушылар наразылығы кезінде 5000 адам ұсталды
Франциядағы оқушылардың наразылығы әлі де тоқтаған жоқ. Шерулерге байланысты ел бойынша мыңдаған адам ұсталды деп хабарлайды Kursiv Media.
Ел үкіметі жаппай наразылық болып жатқан кезде мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екенін мәлімдеп, уақытша жапты. Өткен аптада тәртіпсіздіктер салдарынан 20-дан астам мектеп өртеніп, тоналған. Ереуілдер кезінде 170 оқушы мен 78 мұғалім жарақат алды. Полиция 5 000-нан астам адамды ұстады, олардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.
Оқушылар неге наразылық білдіріп жатыр?
Жоғары сынып оқушылары мектеп жүйесіндегі мәселелерге қарсы шығып жатыр. Олардың басты талабы – білім саласына бөлінетін қаржының азаймауы керек. Осы үнемдеудің кесірінен мұғалімдер жетіспейді, сабақ уақыты ұзарған, сыныптар нашар жабдықталған және мектеп ғимараттарының гигиеналық жағдайы нашарлаған дейді жасөспірімдер
Euronews жазуынша, наразылық акциялары алғаш рет Париж маңында радикалды солшыл саяси күштердің қолдауымен басталған еді. Кейін бұл шерулер бүкіл елге тарап, соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Полиция шерушілерді тоқтату үшін күш қолдануға мәжбүр болды. Елдің Ішкі істер министрлігі бұл бүлікке экстремистік топтарды айыптап отыр.
Бұған дейін үкімет наразылық күшейген соң елде 400-ден астам мектеп онлайн форматқа өткенін мәлімдеген еді. Осы аптада елде жаңадан ірі ереуілдер өтуі мүмкін. Бұл жолы оқушыларға мұғалімдер мен студенттер кәсіподағы қосылмақ.
- Соңғы
-
- Қазан, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 03
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 қазан 2026