Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Желіде видеоны өшіруді сұраған адам Қорғаныс министрлігінде қызмет ететіні расталды

kz.kursiv.media

Желіде видеоны өшіруді сұраған адам Қорғаныс министрлігінде қызмет ететіні расталды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде ведомство мен Қорғаныс министріне қатысты жарияланымдар мен видеоларды өшіру жөнінде әскери қызметшілерге тапсырма берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы министрлік Kursiv.Media сауалына берген ресми жауабында мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әскери қызметшілерге Қорғаныс министрлігінің беделіне кері әсер ететін видеоларды анықтап, оларды өшірту жөнінде тапсырма берілгені туралы скриншоттар тараған еді. Хабарламаларда атқарылған жұмыс бойынша жарияланымның бастапқы және өшірілгеннен кейінгі нұсқасының скриншоттарын жіберу қажеттігі де айтылған.

Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы Kursiv.Media журналисіне де осындай хаттар келді. Ол жерде Қорғаныс министріне қатысты жарияланған видеоны өшіруді сұраған.

Редакция осы жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдап, әлеуметтік желідегі жазбаларды өшіру жөнінде ведомство ішінде тапсырма болған-болмағанын сұрады.

Министрлік Мирбулат Садудың Қорғаныс министрлігі жүйесінде қызмет атқаратынын растады. Алайда ведомство оның әлеуметтік желідегі әрекеті министрліктің тапсырмасымен байланысты емес екенін мәлімдеді.

«Саду Мирбулат Аватберкович қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жүйесінде қызмет атқарады. Алайда оның әлеуметтік желіде жазған пікірлері оның жеке азаматтық ұстанымы. Бұл пікірлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми ұстанымы болып табылмайды», – делінген министрлік жауабында.

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге немесе әскери қызметшілерге ведомствоға, Қорғаныс министріне немесе Маңғыстаудағы оқиғаға қатысты жарияланымдар мен видеоларды іздеу немесе өшіру жөнінде тапсырма берілмегенін атап өтті.

Сондай-ақ министрлік әлеуметтік желідегі материалдардың өшірілгенін дәлелдейтін «дейін/кейін» форматындағы скриншоттарды жинау туралы нұсқау берілгенін де жоққа шығарды.

Желіде тараған скриншоттардың бірінде мұндай жұмыстың нәтижесі бойынша әскери қызметшілерді 25 қазан – Республика күніне орай көтермелеу туралы да айтылған. Алайда Қорғаныс министрлігі жарияланымдарды өшіруге байланысты әскери қызметшілерді марапаттау немесе көтермелеу жөнінде ешқандай тапсырма болмағанын мәлімдеді.

Осылайша, ведомство Мирбулат Садудың Қорғаныс министрлігі жүйесінде қызмет ететінін растағанымен, оның видеоны өшіру туралы жазған хабарламаларын қызметтік тапсырма емес, жеке азаматтық ұстанымы деп түсіндірді. Ал желіде тараған видеоларды өшіру, есеп ретінде скриншот жинау және осы жұмыс үшін көтермелеу туралы тапсырмалардың болғанын министрлік жоққа шығарды.

Бұған дейін, аза тұту күніндегі видеосы үшін петропавлдық әйел он күнге қамалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар